Құшақтасудың пайдасы 

Соңғы рет қашан ата-әжеңіздің мойнына асылып, балаңыздың маңдайынан сүйіп құшақтадыңыз? Ал туған-туысқан, құрбы-құрдастарыңызды ше? Ал оның пайдасы туралы білесіз бе? 


 Құшақтасудың сіз бен біз біле бермейтін пайдасы мол. Зерттеулер нәтижесі, құшақтасудың тек адам психологиясына әсер етіп қоймай, мұнымен қатар денсаулығын қалпына келтіретіндігін анықтап отыр. 

 Вирджиния Сатирдің айтуы бойынша, күнделікті қалыпты өмір сүру үшін 4 рет, жақсы өмір сүру үшін 8 рет, өте жақсы өмір сүру үшін 12 рет құшақтасуымыз керек екен. Бұл тек ғашықтардың құшақтасуына қатысты емес. 

 XX ғасырдың 70 жылдарынан бастап ғалымдар адамның жүйке жүйесінде кездесетін эндорфин атты химиялық затты зерттей бастады. Эндорфин дегеніміз – ауырсынуды басып, эйфория сезімін шақыратын морфин тәріздес зат. 

 Жоғарыда аталған зерттеулер құшақтасудың нәтижесінде жүйке жүйесі осы табиғи затты өте көп мөлшерде бөлетіндігін дәлелдеп отыр. 

 Жақындарының жанында екенін сезбеген кезде адам шынайы өмірмен байланысын үзеді. 

 Адамның терісінде сыртқы ортаға жауап беретін мидың белсенді бөлігі бар. Егер баланы еркелетіп, құшақтамаса, миының осы бөлігі жансызданып, иммундық жүйесі зардап шегеді. 

 Кішкентай кезімізде ата-анамыздың жылы алақаны мен құшағы біздерге сүюді үйретеді. Ал 7 жасқа дейін туғандарынан қамқорлық көрмеген бала сүюдің не екенін білмей қалуы мүмкін. Олардан психологиялық ауытқуы бар, айналасындағыларды жек көретін, террорист сынды адамдар қалыптасады 
Бұдан өзге бір-бірін сирек құшақтайтын қоғам агрессивті болады екен. Осыған байланысты нейропсихолог Джеймс Вильям Прискот әке-шешесі қолына алып, маңдайынан сүймеген балалар болашақта адам өлтіруге бейім келетіндігін айтады. 

  • құшақтасу иммундық жүйені қалпына келтіреді; 
  • орталық жүйке жүйесін ынталандырады; 
  • тыныш ұйқыны қамтамасыз етеді; 
  • күш-қуат береді; 
  • жасартады; 
  • күйзелістен арылтады; 
  • гормонның окситоцин көлемін ұлғайтады; 
  • қан қысымын төмендетеді; 
  • жүрек ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді; 
  • гемоглабин деңгейін көтереді; 
  • иммунитетті күшейтіп, кез келген аурудан сауықтырады; 
  • адамның өзін дұрыс бағалауына септігін тигізеді; 
  • ішкі қорқыныштан арылтады; 

 


 Ежелгі Шығыс жазбаларында құшақтасу адам баласына ең керекті іс-әрекет ретінде сипатталады. Оның адамды емдеп, жасартатын ерекше қасиеті де бар екен. Айналамыздағы барлық тірі жан иесі қамқорлыққа зәру. Сондықтан ата-әжемізді, ата-анамыз бен балаларымызды, сүйіктімізді құшақтауды ұмытпайық!

 

Дереккөз: vk.com

0
түсініктер
Күнге күйіп қалғанда не істеу керек?
Қарау
Әйел энергиясын қалай көтеруге болады?
Қарау
Барлық іске қалай үлгеруге болады?
Әр әйелдің мойнында бітпейтін жұмыс бар. Тамақ әзірлеу, балаға қарау, жұмыс істеу, үй жинау және т.б. Осының бәріне қалай үлгеруге болады? Кеңесімізге құлақ түріңіз. 1. Істеріңізді маңыздылығына қарай бөліңіз Ең алдымен біріші кезектегі, маңызды істерді орындаңыз. Аптықпаңыз, абыржымаңыз. Басқаларын кейінге қалдырыңыз немесе өзгелерге тапсыры
Қарау
Алтын және зергерлік бұйымдар туралы 5 миф
Қарау
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Қарау