Жұмыста көп отырған зиян

 Кеңседегі креслоның жайлы болғаны жақсы. Ал ғалымдардың пікірі қайшы: «егер орындығың жайлы болса, дереу босат» дегенге келеді. Бірақ, бұл тура мағынасында емес…

 Алайда адамның отырған қалыптағы сұлбасы көктемнің картоптары секілді «сырты бүтін, іші түтін». Британияда әрбір бесінші адам жұмыс уақытында өз орнын тастап кетуге асықпайтынын мойындаған, деп жазады confederation.kz.


 Отырғанның зияны неде?

 Бұлшықеттер босаңсығанда метаболизмді ынталандыра алмайды. Себебі, орта есеппен бір сағат отырған адамның 50 килокалориясы далаға кетсе, онымен салыстырғанда аяғымен жүріп жұмыс жасаған адамның 40% калориясы ғана сарқылатыны анықталды. Аризона университеті жанындағы зерттеу клиникасының директоры, доктор Джеймс Ливайн көп отырып жұмыс істейтіндердің арасында гипертония, холестерин мөлшерінің артуы, жүрек-қан тамырларына шалдығу қаупі орасан екенін айтады.
«Біздер ұзақ отырмауымыз керек», — дейді ғалым.

 Күні бойы орындыққа таңылып, жұмыстан үйге қарай бес минутта жетіп барған, сөзсіз, дұрыс емес. Ал жұмыс ережесіне бағынған аға менеджер немесе кеңсе қызметкерлеріне не істеу керек?

«Сіз қаншалықты көп отырасыз, әрбір жарты сағат немесе бір сағат сайын жүріп-тұрғыңыз келсе, тіпті су ішу үшін орныңыздан тұру керек», бұлардың барлығын назардан тыс қалдыруға болмайды, дейді гимнастика залының жаттықтырушысы Антони Акаги.

 Антони жұмыс орында отырып-ақ қозғалуға болатындығын, бір жақтан екінші жаққа бұрылуға, қолды әрлі -берлі созып, бернеше рет тұрып-отыру жаттығулары жеткілікті деп есептейді.

 Лифт пен эскалаторлардан бас тартсаңыз, онда сіз бір жыл ішінде 450 грамм артық салмақтан құтыла аласыз. Ал тағы бір жаттықтырушы Хью Хэнли болса, «әлеуметтік қорға» назар аударғанды жөн деп санайды. Сол себептен де өз белсенділігіңізді бақылауда ұстау үшін қадам өлшеуіш керек екенін айтады.

 Бұған қоса, жаттықтырушы «тіске басарлардан» бас тартып, суды көп мөлшерде ішу керектігін ұсынады.
Сондай-ақ, көп отырып қызмет істейтіндермен күресудің тиімді жолы жайсыз орындықтан құтылып, қарапайым қатты орындықты таңдау керек,- дейді маман.

 

0
түсініктер
Күнге күйіп қалғанда не істеу керек?
Қарау
Әйел энергиясын қалай көтеруге болады?
Қарау
Барлық іске қалай үлгеруге болады?
Әр әйелдің мойнында бітпейтін жұмыс бар. Тамақ әзірлеу, балаға қарау, жұмыс істеу, үй жинау және т.б. Осының бәріне қалай үлгеруге болады? Кеңесімізге құлақ түріңіз. 1. Істеріңізді маңыздылығына қарай бөліңіз Ең алдымен біріші кезектегі, маңызды істерді орындаңыз. Аптықпаңыз, абыржымаңыз. Басқаларын кейінге қалдырыңыз немесе өзгелерге тапсыры
Қарау
Алтын және зергерлік бұйымдар туралы 5 миф
Қарау
Демалыста балалардың дұрыс тамақтануын қалай қамтамасыз етуге болады?
Қарау
Адамға қанша дос керек? 
Қарау
Ақылды болсаң, неге кедейсің? 
Қарау