Аспаз ханшайымдарға кеңес

1. Көптеген тамақ мәзірлерінде «бір шымшым ванилин немесе ас содасын қосыңыз» деп көрсетіледі. Бірақ оларды көп қосып қойғаннан, мөлшерлеп немесе аз салған дұрыс екенін ұмытпаңыз.

2. «Құмшекерлі» қамырды ұзақ уақыт илей беретін болсаңыз, нан қатты болады.

3. Бисквит қамырды бірден пісірмесеңіз, құрамына ауа кіріп, дәмін жоғалтады.

4. Пирогтың піскенін білу үшін арасына ағаш таяқша кіргізіңіз. Егер құрғақ болса, дайын болғаны.

5. Қамырдың құрамына мейіз қосатын болсаңыз, оны ыстық сумен жуып, артынша ұнға шылаңыз. Осылайша қамырға бір тегіс орналасады.

6. Орамжапырақ қосылған пирог ойдағыдай шыққанын қаласаңыз, алғашқы 15 минутта духовкінің қақпағын ашпауға тырысыңыз.

7. Ешуақытта дайын сорпаның ішінде лавр жапырағын қалдырмаңыз. Пісіру барысында жақсы болғанымен, артынша сорпаның дәмін құртады. Ал сарымсақты пісіріп болған соң ғана қосыңыз.

8. Сорпаны оттан алар кезде сәбіздің, орамжапырақтың, қызанақтың шырынын қосып алыңыз. Сол кезде ботқаға май қосқандай дәмді болады.

9. Егер сорпаға мөлшерден артық тұз қосып қойсаңыз, ішіне піскен күрішті дәкеге орап салыңыз. Осылайша ол артық тұзды өзіне сорып алады.

10. Бадана мен асбұршақ жылдам пісуі үшін әрбір 5-10 минут сайын үлкен қасықпен суық су қосыңыз.

 

Дереккөз: Қыздарға пайдалы кеңестер

0
түсініктер
Қорқынышты қалай жеңуге болады?
Қарау
Бір мезетте тұтыныуға болмайтын азықтықтар
Қарау
Маса шақпауын қаласаңыз 
Жаз мезгілінде ызыңдап маза бермей, шағып алатын маса жәндігінің қаншалықты қауіпті екенін білесіз бе?  Маса шаққанда дене бөртіп қана қоймай, адам баласы әр түрлі тері және жұқпалы ауруларына шалдығуы мүмкін. Сондықтан да масадан алдын ала сақтанған жөн.   Адам баласы сияқты масаға да жағымсыз иістер әсер етеді. Маса шүйгінш
Қарау
Аватарыңызда қандай сурет тұр?
Қарау
Балаға қалай үй жинатуға болады?
Қарау
Өтпелі кезеңде оқушы қыздар қалай өзгереді?
Қарау
Балаларыңыздың арасындағы байланысты қалай орнатса болады
Қарау