Тәмсіл

 Данагөй қарттан тәлім алуға келген жас жігіт:

— Ақсақал, маған тапсырма беріңізші.

— Үндеме!

— Түсінбедім.

— Тапсырма сондай. Үндеме! Бір тәулік бойы жақ ашпа.

— Жарайды, жай ғана үндемей жүру деген қиын емес қой.

— Ал сен байқап көр! Маған мұндай тапсырма берілгенде жарты сағат та шыдамай, сөйлеп қойып, кейін ауызымды алақаныммен жауып жүрген кездерім де болған. Ал уақыт өте келе көп жағдайда сөз шығындап, сөз таластырғанша, үндемей-ақ бар пәледен құтылуға болатынын ұқтым. Үнсіздіктің кейде тіпті жаныңа тыныштық сыйлап, айғай-шу мен талас-тартыстан бойыңды аулақ ұстайтынын түсіндім. Бұған менің етім үйренді. Жөнсіз сөйлемеудің, кейде мүлде үндемей қалудың пайдасы мол. Өзіңе сеніміңді арттырады, сабырлы болуды үйренесің, терең ойлап, шалт қимыл жасамауға әдеттенесің, жанған оттай лап ете қалатын бойыңдағы жаман дағдылардан арыласың, жаман ойды тежейсің. Мұның өзі – түсінген адамға мол тәлім-тәрбие! – дейді ақсақал.

 

 

Үнсіздік – ақымақтыққа қарсы күшті құрал. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» дейді емес пе қазақта?!

 

 

Аударған: Құралай Мұратқызы

Дереккөз: wiolife.ru

 

0
түсініктер
Тыртықтан арылу жолы
Қарау
Жолы болмайтындарға кеңес
Қарау
Адамды қалай жұбату керек? 
 Құрбыңыздың, досыңыздың немесе аса таныс емес адамның басына қара бұлт төнді. Сіз оған демеу білдіріп, жұбатқыңыз келеді, бірақ қалай дұрыс жұбатарыңызды білмейсіз. Қандай сөздер айту керек, қандайды айтпау керек? Адамды рухани қолдау дегеніміз не?  Қайғы – бұл қандайда бір қазаға, мысалы, жақын адамы қайтыс болғандағы адамның
Қарау
Күйзелістен құтылудың оңай әрі тиімді жолдары 
Қарау
Таңғы кеңес: оянудың сырлары
Қарау
Құшақтасудың пайдасы 
Қарау
Адам мінезі туралы деректер 
Қарау