Шаш қатыруға арналған лакпен не істеуге болады?

 Егер косметика салатын қорапшаңызда шаш қатыруға арналған лак болса, ол бекер жатпасын. Керегіңізге жаратыңыз! Қарапайым шаш қатырғыш – әйел адамдардың таптырмас көмекшісі.

 

1. Капрон шұлыққа лак сеуіп қойсаңыз, оның сөгіліп кетуінің алдын аласыз.

 

2. Тырнағыңызға жаққан лактың үстінен шаш қатырғышты сепсеңіз, бояу тезірек кебеді.


3. Лакты пердеге шашсаңыз, оны шаңнан қорғайды.

 

4. Белдемшенің ішіне лак шашып қойсаңыз, ол электрленіп, аяққа жабыспайтын болады.


5. Шашқа тағатын жіңішке түйреуіштер сырғып, орнынан жылжымауы үшін оған да лак шашып қойыңыз.

 

6. Сыйлық орауға арналған қағазға лак сеуіп, оны жылтыратып қоюға болады.

 

7. Түрлі-түсті қарындашпен салынған суреттің бетіне лак сеуіп, оның «өмірін» ұзартуға болады. Осылайша оның бояуы өшпей, ұзаққа сақталады.

 

8. Сабақтар жібіңіздің ұшына лак шашып алсаңыз, иненің көзінен оңай өткізесіз.

 

9. Гүлдерді кептіргіңіз келсе, оған алдымен лак шашып қойыңыз. Сонда ол қанық түсін сақтап қалады.

 

10. Матадағы сияны, қалам ізін шашқа арналған лакпен тазартуға болады.

 

Аударған: Құралай Мұратқызы
Дереккөз: www.novate.ru

 

0
түсініктер
Еріннің пішіні арқылы мінез-құлқыңызды анықтаңыз
Қарау
Баланың компьютерге тәуелділігімен қалай күресуге болады?
Қарау
Бөлме гүлдеріне арналған тоғыз түрлі табиғи тыңайтқыш
Әрине, бөлмеде жайқалып өсіп тұрған гүлдерге жанарыңызды тігіп, өте тамаша әсерге бөлене аласыз. Әдемі бөлме гүлін көрсеңіз, демек оның баптаушысы күшті. Гүл өсіруге келгенде ерінбейтін, ынталы адам болғаны. Әсіресе, жылдар бойы бөлме гүлдерін өсіріп келе жатқан жан – гүлдің қай кезде бүршік ашарын, гүлдейтінін, топырақ құрамын, суғару тәсілі
Қарау
Анардың адам денсаулығына пайдасы
Қарау
Мамандық ауыстыру ешқашан кеш емес
Қарау
Шашыңызға ерте ақ түссе...
Қарау
Арманыңызды өзіңіз жақындатыңыз
Қарау